«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығы (2011.31.08. берілген өзгерістермен)

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығы

(2011.31.08. берілген өзгерістермен)

 

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.31.08. № 375 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдаудың және 2011 жылы осы конкурсты өткізудің мына мерзімдері белгіленсін:

1) құжаттарды қабылдау - 2011 жылғы 1 маусымнан 15 шілдеге дейін;

2) квоталар бойынша құжаттарды қабылдау - 2011 жылғы 1 маусымнан 29 шілдеге дейін;

2-1) квота бойынша мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері үшін құжаттар қабылдау - 2011 жылғы 1 маусымнан 15 қыркүйекке дейін;

3) конкурс өткізу - 2011 жылғы 20 маусымнан 2012 жылғы 31 қаңтарға дейін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.