Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 және 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 568 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 399-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесінде:
«Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелері» деген 3-бөлімде: