(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КТС БОЙЫНША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН (ДЕКЛАРАЦИЯНЫ) ЖАСА...

Осы редакция 2011 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2010 жылғы

20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен

 бекітілген

 

Корпоративтік табыс салығы

 бойынша декларацияға

(100.00-нысан) қосымша

 

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі
(100.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына «бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны мыналарды:

мемлекеттік мекемелерді;

Енгізу туралы Заңның 23-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын;

Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды;

Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды;

110.00 немесе 150.00.-нысан бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (Декларацияны) толтыратын, жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.19-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.