Осы редакция 2011 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен
бекітілген
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша
декларацияға (200.00-нысан) қосымша
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі
(200.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - зейнетақымен қамсыздандыру Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
Ереже жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар бойынша тәртібін (декларацияны) айқындайды (бұдан әрі - Декларация), жеке табыс салығын, әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндетті зейнетақы жарналарын сомаларын аударуға (бұдан әрі - мiндетті зейнетақы жарналары) есептеу, ұстау (қоса есептеу) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - әлеуметтiк аударым) әлеуметтiк аударымның сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) арналған.
Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, шағын және кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, Салық кодексінің 18, 19 тарауларына, 6 бөлім, 12 бөлімдеріне сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегi жеке тұлғаларға қатысты Декларация салық агентімен жасалады.
Осы Ережелердiң мақсаттары үшiн Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғалардың шешімімен мойындалған құрылымдық бөлімдер әлеуметтік салықты өздері төлеушілер жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып мойындалады.
2. Декларация Декларацияның өзінен (200.00-нысан) және салық міндеттемелері туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (200.01 - 200.03 нысандар) тұрады.