(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.14.09 № 938 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық
шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 933 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық

шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу

 қағидасы

 

Осы Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және сапасын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша (бұдан әрі - халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы) ғылыми сараптама жүргізілуі мүмкін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.