(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2010.13.12 № 261 ШЕШІМІ

2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 261 шешімі

(2011.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Қызылорда облыстық мәслихатының 2011.14.01. № 270 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.02. № 272 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 95 058 390 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 6 572 058 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 2 205 034 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 700 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 86 277 598 мың теңге;

2) шығындар - 94 760 665 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 302 013 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 1 034 952;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 732 939 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 000 000;

қаржы активтерін сатып алу - 1 000 000;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 004 288 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 004 288 мың теңге.

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:

жеке табыс салығы: аудандар бюджеттерінен - 0 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50 пайызға;

әлеуметтік салық аудандар бюджеттерінен - 10 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 57,3 пайызға.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.