Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі
есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 Қаулысы
(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - Банктер) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы қаулының қосымшасына сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп ұсынады.
Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп мынадай мерзімде электронды тасымалдағышта:
1) күн сайынғы есеп кейінгі есептің екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады (ай сайынғы есеппен бірге тапсырылатын айдың бірінші есепті күндерін қоспағанда);
2) ай сайынғы есеп - соңғы есепті айдан кейінгі үш жұмыс күннен кешіктірмей ұсынылады.
Он және одан да көп филиалдары бар банктер баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті мынадай мерзімдерде:
1) күн сайынғы есеп кейінгі есептің үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады (ай сайынғы есеппен бірге тапсырылатын айдың бірінші есепті күндерін қоспағанда);
2) ай сайынғы есеп - соңғы есепті айдан кейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмей ұсынады.