«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 501 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 12 мамырдағы

№ 501 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 Қаулысымен күші жойылды

 

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының салық органдары ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының (бұдан әрі - Орталық) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген.

2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасы, 572-573-баптары негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсынан www.salyk.kz  мекенжайы бойынша, сондай-ақ салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығына 8 (7172) 58-09-09 телефоны бойынша өтініш жасай отырып алуға болады.

Мемлекеттік қызмет стандарты:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz  мекенжайы бойынша «Салық комитеті» бөлімінің «Салықтық қызметтерді көрсету стандарттары» кіші бөлімінде;

2) салық органдарының ақпараттық стенділерінде орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) салық төлеушіге белгіленген нысан бойынша Электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) және электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) тұратын кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгіш (floppy-диск, CD-диск) беру;

2) ЭЦҚ ауыстыру немесе жою болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.