Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 678 қаулысымен
бекітілді
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшаға сәйкес әзірленді.
2. Қағида сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) үлгі сертификатын ұстаушы - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алған өтініш беруші (әзірлеуші);
2) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
3) дайындаушы - әуе кемесін шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
4) өтінім - өтініш берушінің әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш;
5) өтініш беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш;