«Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 352 Бұйрығы (күші жойылды)

Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 352 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а

2011 жылғы 6 маусымдағы

№ 352 бұйрығымен бекітілген

 

 

Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы

қағида

 

 

1. Жалпы қағидалар

 

1. Осы Қағида «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және травматологиялық және ортопедиялық медициналық ұйымдардың статусы мен өкілеттілігін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.