Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 312 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
«Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарғысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
бюджеттік бағдарлама әкімшісі 282 бюджеттік бағдарламаны мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 100, 106, 107, 108, 109, 115 бюджеттік бағдарламалармен толықтырсын:
«282 Облыстың тексеру комиссиясы
001 Облыстың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер
002 Ақпараттық жүйелер құру
003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлар резерві есебінен іс-шараларды өткізу
106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқару органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Шұғыл шығындарға арналған жергілікті атқарушы органның резерві есебінен іс-шаралар өткізу
108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу