Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 722 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні деп белгіленсін.