Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 201 Бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 наурыздағы Заңының 6-бабы 2-тармағының екінші бөлімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Ғылым комитеті (Б.А. Қасымбеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.