Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 30 мамырдағы № 326 Бұйрығы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.