«Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 Қаулысы (2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 Қаулысы

(2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 46 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 24 маусымдағы

№ 700 қаулысымен

бекітілген

 

 

Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) басқару органы - акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік республикалық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы;

2) нарықтық құн - кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.