Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-42/16 «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі № С-48/5 шешімі
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 06-02/109а Хатымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 106 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-42/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-136 тіркелген, 2011 жылғы 20 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2011 жылғы 20 қаңтарда «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 1, 2 тармақшалары жаңа мазмұнда баяндалсын:
«1) кірістер - 13 386 641,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 018 221 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 189 497 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 802 672 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 6 376 251,2 мың теңге.
2) шығындар - 14 473 927 мың теңге»;
10 тармақ жаңа мазмұнда баяндалсын:
«10. 2011 жылға арналған қалалық жергілікті атқарушы органның резерві 131 000 мың теңге сомасында бекітілсін».
Көрсетілген шешімнің 1, 5, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төртінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 48 сессияның төрайымы |
М. Жұрын |