«Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 780 Қаулысы (күші жойылды)

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 780 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 Қаулысымен күші жойылды

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметінің

2011 жылғы 8 шілдедегі

№ 780 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.

2. Осы Қағида жүзу кезінде немесе тұраққа кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу тәртібін белгілейді.

3. Осы Қағиданың қолданысы:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын;

2) олардың жүзуі немесе Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі су жолдары тұрағы кезінде шетел туын көтеріп жүзетін пайдаланудағы теңіз кемелеріне таралады.

4. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.

5. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.