Қарағанды қаласының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы
Қарағанды қаласы маслихатының 2011 жылғы 24 ақпандағы № 467 Шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 12 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрғын үй комиссиясының дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілген.
2. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 сәуірдегі ХХХІІІ сессиясының «Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 350 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік, экология, байланыс және халыққа коммуналдық - тұрмыстық қызмет мәселелері бойынша тұрақты комиссияға (төрағасы Н.Г.Полевой) жүктелсін.
ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессия төрағасы |
Н. Рахымбергенов |
Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы |
Қ. Бексұлтанов |
Қарағанды қалалық мәслихатының
2011 жылғы 24 ақпандағы № 467
шешіміне қосымша
Қарағанды қаласының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы
1. Ляпунов Андрей Васильевич | Қарағанды қаласы әкімінін орынбасары, комиссия төрағасы
|