Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы
Астана қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ Қаулысы
(2009.21.12. өзгөртүүлөр жана толуктоолор менен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласы әкімдігінің 2009.21.12. № 16-1231қ Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасы бекітілсін.
2. Астана қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 3-1-668қ «Астана қаласы мемлекеттік коммуналдық меншік (мүліктер) объектілерін мүліктік жалдау (жалға беру) тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет департаментінде 2002 жылғы 22 мамырда № 197 болып тіркелген; «Вечерняя Астана» газетінің 2002 жылғы 25 маусымдағы № 73 санында жарияланған, «Астана Ақшамы» газетінің 2002 жылғы 20 маусымдағы № 82, 2002 жылғы 25 маусымдағы № 84 сандарында жарияланған).
3. Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 3-1-293қ «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүліктерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.С.Мамытбековке жүктелсін.
| Әкім | Ө. Шөкеев |
2005 жылғы 28 маусымдағы
№ 3-1-457қ қаулысымен
бекітілген
Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру
Қағидасы