«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-ІV Заңы (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдық пайдаланыла отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері);

3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен ендіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.

6. Осы баптың 1 - 4-тармақтарында көзделген ережелер «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына қолданылмайды.

 

33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 14, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 21-і

№ 469-ІV ҚРЗ