«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-ІV Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруы болуға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) соттылығының болуы не болмауы және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынбағаны жөніндегі растаманы ұсынуға міндетті.

5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бизнес-көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге визаны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері екі жылға дейінгі мерзімге береді.

Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсаттарды ішкі істер органдары жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға береді.

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Этностық қазақтар қатарындағы бизнес-көшіп келушілерге келуге арналған визалар мен уақытша тұруға арналған рұқсаттар үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.

 

40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары

1. Бизнес-көшіп келушілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының аумағында болуының міндетті шарты болып табылады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағына келген күнінен бастап екі ай мерзім ішінде:

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдар қатысушыларының (акционерлерінің) құрамына енуге;

2) заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ақша сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне енгізуге міндетті.

Бизнес-көшiп келушiлер осы бапта белгiленген мiндеттердi орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуіне қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды.

Шетел азаматының тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бар көшіп келушілерді қоспағанда, бизнес-көшіп келушілер ретінде келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты алмаған шетел азаматтарының заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлғаларға қатысушылардың құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады.

3. Бизнес-көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін жабдықтар әкелуі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының баруына ашық аумақтары бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерін таңдай алады.

 

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41-бап. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту, олардың келу жəне болу шарттары

1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттар негізінде халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын шарттарда жəне тəртіппен экономиканың жекелеген салаларына жұмысқа тартылады.

2. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сəйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық жəне басқа да міндетті талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үй беруге міндетті.

3. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерге келуге арналған визаларды шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың негізінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді.

4. Қазақстан Республикасымен визасыз келу жəне болу тəртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік жұмыскерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары береді.

5. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер:

1) кəмелеттік жаста болуға;

2) еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптар сақтала отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жəне шұғыл нысанда стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруы болуға міндетті.

 

42-бап. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

43-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері

1. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;

2) рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін, егер одан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.

2. Қазақстан Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген маусымдық қызметкерден басқа шетелдік қызметкер:

1) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартқан қызметкер, рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін - жұмысқа орналасуға рұқсатты ұзарту туралы өтініш беруге құқылы.

 

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды; 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 43-1-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары

1. Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі:

1) Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылуы;

2) кәмелеттік жаста болуы;

3) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) соттылығының бар не жоқ екендігінің растамасын ұсынуы;

5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі болатын ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтамасын ұсынуы;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуы;

2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7) тармақшаның қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге тиіс.

2. Еңбекші көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді және еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне ұзартады.

Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.

 

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 43-2-баппен толықтырылды

43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріледі және ол бір айдан он екі айға дейінгі мерзімді құрауы мүмкін.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.

Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын, сондай-ақ рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.

2. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат алдыңғы кезеңде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде ұзартылады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

3-1. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

4. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат көшіп келушінің жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шартын жасасуы үшін негіз болып табылады.

5. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.

6. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) құқық береді.

 

 

7-тарау. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша көшіп келу

 

44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары

Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:

1) волонтерлер - Қазақстан Республикасына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласында өтеусіз негізде қызмет көрсету үшін келетін көшіп келушілер;

2) Қазақстан Республикасына қайырымдылық, гуманитарлық көмек көрсету және гранттар беру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың шеңберінде келетін көшіп келушілер жатады.

 

45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер

Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:

1) босқындар;

2) саяси пана берілген адамдар жатады.

 

46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасына гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келуіне визаны Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйым өкілдігінің не ол орналасқан елде осы елдің заңнамасына сәйкес ресми тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қордың) өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері бір жылға дейінгі мерзімге береді.

2. Гуманитарлық уәждер бойынша келген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында келудің мақсаттарында көзделмеген қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

 

47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары

1. Пана іздеп жүрген адамдардың келу және болу шарттары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға пана беру және оларға босқын мәртебесін беру жөніндегі қатынастар, босқындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасымен реттеледі.

2. Саяси пана берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

 

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-тарау. Шетел азаматына және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасына келуінен бас тарту үшін және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жалпы негіздер

 

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді

48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер

Көшіп келушінің Қазақстан Республикасына келуіне:

1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;

2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;

3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;

5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды 2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды 2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;

8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпеген болса;

9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;

10) егер ол келу туралы өтiнiш хат жолдаған кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;

2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) тармақшаның қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

10-1) егер ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімінен өтуден бас тартса;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10-2) егер шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды шақыру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде қабылдаушы (шақырушы) тұлға жалған мәлімет берсе немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбаса;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған елдерден келетін шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсаты болмаса;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) егер ол «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан болса;

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) егер ол «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған болса;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.

Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған көшіп келушілердің шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.

Қабылдаушы тұлғалардың шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.

 

2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді

49-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негіздер

Мынандай:

1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;

2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған;

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетел азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыртқан;

7) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;

8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;

2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда

9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;

2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-1) тармақша жаңа редакцияда

9-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;

10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;

2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)