«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 2 Нормативтік қаулысы (күші жойылды)

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 2 Нормативтік қаулысы

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен сәйкес келтіру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 16 қаңтардағы, 2007 жылғы 16 шілдедегі және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы өзгерістермен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтағы өзгерістің қазақ тіліндегі мәтінге қатысы жоқ;

2) 2-тармақтың екінші абзацында «жеке нотариустар» деген сөздерден кейін «, жеке сот орындаушылар,» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«ӘҚБтК-нің 46-бабының екінші бөлігіне сәйкес, шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіруді тек әкімшілік қамау түрінде негізгі әкімшілік жазамен қатар ӘҚБтК-нің 391-1-бабының үшінші бөлігі, 394-бабының екінші бөлігі бойынша қосымша әкімшілік жаза ретінде қолдануға жол беріледі.»;

4) 9-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.