Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 1619/23 Қаулысы
(2012.07.02. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1700/27 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қоргау туралы» Заңының 20-бабына, Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 79/29 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012.07.02. № 299/5 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) табысына және отбасы кұрамына қарамастан, азаматтардың мынадай санаттарына (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын адамдардан басқа) жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек:
қайтыс болары алдында жұмыс істегендер;
қайтыс болары алдында «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Бөлім) есепте тұрған жұмыссыздар;
стационарлық емделуде жүрген кезде қайтыс болғандар;
зейнеткер жасы алдындағы жұмыс істемегендер: жұмыспен қамту органдарында тіркелуіне қарамастан ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан;
жұмыспен қамту органдарында тіркелуіне және жасына қарамастан, Ауғанстандағы соғыс әрекетіне, Чернобыль атом электр станциясында (бұдан әрі - ЧАЭС) апат салдарын жоюға қатысқан жұмыссыздар;
туберкулезбен, онкологиялық аурумен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруынан қайтыс болғандар;
жедел әскери кызметтерде қайтыс болғандар;