(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.

 

§ 1. Мүліктік табыс

 

180-бап. Мүліктік табыс

1. Салық төлеушінің салық салуға жататын мүліктік табысына:

1) мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыс;

2) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.

2. Мына мүліктерді:

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1) меншік құқығында меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт болған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берiлген жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бiр жылдан аз уақытты құраса, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) бағалы қағаздарды, инвестициялық алтынды сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлестерін;

6) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) меншік құқығында меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт болған, мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс болып табылады.

Сенім білдірілген адам механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген жағдайда мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының иесіне осы көлік құралының өткізілу құнын хабарлайды немесе көлік құралы иесінің атынан жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді, бұл көлік құралы иесінің салықтық міндеттемесін орындау болып табылады.

Сенім білдірілген адам механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген кезде құн өсімі сенім білдірілген адамның меншік иесі атынан осы көлік құралын өткізу құны мен өткізілген көлік құралының меншік иесі сатып алған құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, бағалы қағаздар мен қатысу үлестерін қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

Сатып алу құны болмаған кезде мүлікті өткізу құны мен өткізілетін мүлікке меншік құқығы туындау кезіндегі нарықтық құн арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4. Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi өткізу кезiнде мүлiктi өткізу құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi өткізу кезiнде мүлiктi өткізу құны мен салық төлеушi тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

5. Меншік құқығы туындау кезінде осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген өткізілген мүліктің нарықтық құнын салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.

Осы тармақтың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген өткiзiлген мүлiктiң нарықтық құны болмаған жағдайда:

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мүлiк үшiн - мүлiктi өткізу құны мен мүлiктiк бағалау құны арасындағы оң айырма құнның өсiмi болып табылады. Бұл ретте, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган өткiзiлген мүлiкке меншiк құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлiк салығын есептеу үшiн айқындаған құн бағалау құны болып табылады;

2) осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген мүлiк үшiн - осындай мүлiктi өткізу құны құнның өсiмi болып табылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бағалы қағаздарды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалады.

8. Өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі болып табылады. Сатып алу құны опционды орындау бағасын және опционды сатып алу жөніндегі шығындарды қамтиды.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-параграфының тақырыбы өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 181-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

181-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы

Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық және адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жекеше нотариустар жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы болып табылады.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 182-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

182-бап. Салықты есептеу және төлеу

1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен бір айға алынған табыстар бойынша, әрбір айдың қорытындылары бойынша есептеледі.

2. Есептелген салық сомасы табыстары бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.

 

 

§ 3. Дара кәсіпкердің табысы

 

183-бап. Дара кәсіпкердің табысы

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 83 - 133136, 137, 224-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығы салынатын объектіні айқындау үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.

2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес айқындалады.

 

§ 4. Басқа табыстар

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

184-бап. Басқа табыстар

1. Мыналар салық төлеушiнiң салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:

1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстар;

2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетiн табыстар;

3) үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;

4) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыстар.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыстарға салық салу осы Кодекстiң 27-тарауында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.

3. Талап ету құқығын беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.

4. Талап ету құқығын беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.

 

21-тарау. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ

 

185-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;

3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;

4) басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;

5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.

2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салу объектісіне қосылатын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 186-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

 

187-бап. Салық төлемінің расталмауы

Осы Кодекстің 185-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етуші салық төлеушілер жеке табыс салығын төлегенін растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы жеке табыс салығының төленгені расталмаған табыс сомасына қолдану жолымен жүргізіледі.

 

7-БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

22-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

188-бап. Халықаралық салық салудың негізгі принциптері

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасында резидент еместер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетiн табыстардан салық төлейді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетiн табыстардан да салық төлейді.

3. Резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.

 

189-бап. Резиденттер

1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

 2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бiр жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.

Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылы резидент болмаса, ол осы тармақтың мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасында болуының соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн резидент емес ретiнде қарастырылады.

3. Бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;

2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;

3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:

1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген адамдар, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;

2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;

3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;

4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер;

5) оқу немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген студенттер, тағылымдамадан өтушілер мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудің бүкіл кезеңінде;

6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде;

7) емделу немесе сауықтырудан өту, профилактикалық ем алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемдерге қарамастан, резидент жеке тұлғалар деп танылады.

5. Осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын өзге заңды тұлғалар да Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

Нақты органның (директорлар кеңесінің немесе сол сияқты органның) негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.

 

190-бап. Резидент еместер

Осы Кодекстің мақсатында мыналар:

1) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;

2) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар резидент еместер деп танылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес резидент емес болып танылатын жеке тұлға болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық агентіне немесе салық органына табысты алған күннен кешіктірмей немесе салық есептілігін табыс ету кезінде мынадай құжаттарды:

шетелдiктiң немесе шет мемлекеттегi азаматтығы жоқ адамның резиденттiгiн растайтын, осы Кодекстiң 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн құжатты;

жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті.

 

191-бап. Резидент еместің тұрақты мекемесі

1. Кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:

1) тауарларды өндіруге, ұқсатуға, жинақтауға, өлшемдеп салуға, орап-бууға, беруге байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;

2) кез келген басқару орны;

3) көмірсутектерін өндіретін кез келген орынды қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын;

4) құбырларға, газ құбырына, табиғи ресурстарды барлауға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе байқау қызметін) жүзеге асыратын кез келген орын;

5) энергетикалық және технологиялық жабдықты монтаждауды қоспағанда, жабдықты орнатуға, монтаждауға, құрастыруға, жөнге келтіруге, іске қосуға және (немесе) оған қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын;

6) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлік желілер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, жөнге келтіруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлік немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп танылады.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде резидент еместің тұрақты мекемесі екі күннің бірінің: осы резидент еместің тиісті қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжаттың (келісімшарттың, шарттың) күшіне ену күнінің немесе осындай қызметтің нақты басталу күнінің неғұрлым ертерегінен бастап құрылған болып есептеледі.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезінде резидент емес осындай мақсаттар үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсетілетін орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында бір немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген кейінгі он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік жүз сексен үш күннен астам уақыт жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.

Солар бойынша келісімшарттар өзара байланысты немесе өзара тәуелді болып табылатын жобалар байланысты жобалар болып танылады. Солар бойынша резидент емес немесе резидент еместің немесе оның құрылтайшысының (акционерінің, қатысушысының) еншілес компаниялары бір ғана салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына ұқсас немесе біртектес қызметтер көрсететін (жұмыстар орындайтын) келісімшарттар өзара байланысты келісімшарттар болып танылады. Жеке немесе заңды тұлғаның келісімшарттың бірі бойынша міндеттемелерді орындамауы басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді жүзеге асыруға әсер ететін келісімшарттар өзара тәуелді болып танылады.

Осы тармаққа сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келген кәсіпкерлік қызмет бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда, тұрақты мекеме жобаға қатысушы әрбір резидент емес үшін құрылған болып танылады.

Егер жобаның (келісімшарттың) орындалуына жауапты болатын бас мердігер қосалқы мердігерге басқа заңды тұлғаны жалдаса, онда қосалқы мердігер жобаны (келісімшартты) орындауға жұмсаған уақыт кезеңі бас мердігердің жобаны (келісімшартты) орындауға жұмсаған уақыты болып саналады.

3. Резидент емес, сондай-ақ:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметiн уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырған;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір жерден тауарлар өткізген. Бұл ретте тұрақты мекеме осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген қызметтi қоспағанда, мұндай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап құрылады;

3) егер мұндай қызмет он күннен астам уақытқа созылса, Қазақстан Республикасында тауарлар сатылатын көрмелер өткізген;

4) осы баптың 6-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиал немесе өкілдік ашқан кезде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.

4. Құрылыс алаңы, оның ішінде монтаждау немесе құрастыру объектісі, жобалау жұмыстарын жүргізу жұмыстарды жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тұрақты мекемені құрады.

Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру, оның ішінде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, көпірлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық жабдықтарды монтаждау орны құрылыс алаңы (объектісі) деп түсініледі.

Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берілген объектіні (орындалған жұмыстың көлемін) қабылдау актісіне қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейінгі күннен бастап өзінің жұмысын тоқтатады.