(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша - табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;

2) есебіне жазылған, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - резидент еместің шегерімге жатқызылған табыстары есепті салық кезеңінің отыз бірінші желтоқсанындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей аударуға тиіс.

Осы тармақшаның ережелері өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;

3) алдын ала төленген төлем бойынша - табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша резидент еместің табысы есебіне жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс.

2. Егер резидент еместің табысының есептелген сомасы ағымдағы салық кезеңінде шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте резидент емеске мұндай табысты төлеу келесі салық кезеңдерінде жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.

3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент еместің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді.

 

196-бап. Салық есептілігін табыс ету

Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзімде:

1) төлем көзінен табыс салығын ұстау жөніндегі міндеттеме туындаған есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей;

2) резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Бұл ретте есепті салық кезеңінің 31 желтоқсаны резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып танылады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді

197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлiктi және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстардан салықты есептеу, ұстау және аудару

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бап мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;

3) резидент шығарған акцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

4) егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) егер аталған резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент емес шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.

Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен:

1) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткізу кезінде - мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;

2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткізу кезінде - осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күнгi заңды тұлғаның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлiк үлесi оның (олардың) акцияларын (қатысу үлестерiн) дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.

Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) қатысу үлестерiн өткізу күнгi консорциумға қатысу үлестерiнiң құнындағы мүлiк үлесi олардың акцияларын (қатысу үлестерiн) қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар иеленетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының осындай қатысушылар активтерiнiң жалпы құны сомасына арақатынасы ретiнде айқындалады.

Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкiнiң құны:

дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысындағы қатысу үлесiнiң;

акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.

Дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткiзiлетiн заңды тұлғаның барлық активтерiнiң баланстық құн сомасы осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құны болып танылады.

Активтердiң баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:

дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнгi жеке қаржы есептілігiнiң;

акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнi жеке қаржы есептілігi болмаған кезде акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күннiң алдындағы соңғы есептi күнгi жеке қаржы есептілігiнiң деректерi негiзiнде айқындалады.

Тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыларының (жер қойнауын пайдаланушының) дивиденд төлейтін немесе акцияларын (қатысу үлестерiн) иеленетiн заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерiн) өткiзген кезде осы баптың осы тармағының және 1-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерiн қолданады.

Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлкiнiң үлесiн айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент еместің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

3. Салық органы энергетика және минералдық ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның мүлкіне байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәлімет алған кезде осындай резидентке немесе консорциумға бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алушы туралы, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу бағасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, хабарлама жіберуге міндетті.

4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.

Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

5. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін тұлғаға, оның ішінде резидент еместің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуына немесе болмауына қарамастан, резидент емеске жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.

6. Салық агенті болып табылатын резидент емес осы Кодекстің 562-бабында белгілеген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

7. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емеске табысты төлеу кезінде ұстайды.

8. Корпоративтік табыс салығының сомасын аударуды салық агенті осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы салық агенті тіркеу есебіне алынған жердегі салық органына жүргізеді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Салықты осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум салық агентінің қаражаты есебінен төлеуі мүмкін. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға немесе консорциум салықты осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы резидент заңды тұлға немесе консорциум орналасқан жердегі салық органына аударуға тиіс.

Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаға немесе консорциумға салық агенті аударған салық сомасы осындай резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның табысы болып танылмайды.

10. Салық агенті осы баптың 8 және 9-тармақтарын қолданбаған жағдайда, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум құн өсімінен түсетін табыстардан табыс салығын резидент емес үшін төлеуді осы баптың 9-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз қаражаты есебінен дербес жүргізуге құқылы.

Бұл ретте резидент емес үшін төленген салық сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның салық салынатын табысын айқындау кезінде шегерімге жатқызылмайды.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Салық агенті, осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум осы баптың 7 - 10-тармақтарындағы ережелерді қолданбаған жағдайда, салық берешегінің сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғадан немесе консорциумнан өндіріп алуға жатады.

12. Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде салық агенті резидент еместің құн өсімінен түсетін табысынан табыс салығын аудармаған немесе толық аудармаған жағдайда, салық берешегі жылжымайтын мүлікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен өткізу есебінен өтеуге жатады.

 

24-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

 

198-бап. Салық салынатын табысты анықтау

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы Кодекстiң осы бабында және 200-бабында өзгеше белгiленбесе, резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң осы бабының және 83 - 149-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығын анықтаған кезде, егер осындай резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай:

1) осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден;

2) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған табыстар құраса, осы Кодекстiң 139 және 199-баптарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлері:

1) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;

2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;

3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;

4) резидент емес заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.

3. Резидент емес кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі. «Байланысты жобалар» ұғымы осы Кодекстің 191-бабының 2-тармағында айқындалған.

Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

4. Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі.

Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстарды алумен тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.

6. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:

1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;

2) резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;

3) осы резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;

4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;

5) құжатпен расталмаған шығыстар;

6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмсалған басқару және жалпыәкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.

 

199-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі

1. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.

Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы алып тасталған, осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.

2. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 200-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі

1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесi бiреуден артық болған жағдайда резидент емес корпоративтiк табыс салығын осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң бiрi арқылы оның тұрақты мекемелерiнiң тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға есептi салық кезеңiнiң алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмей:

1) уәкiлеттi органды - тұрақты мекемелердiң қайсысы корпоративтiк табыс салығын есептеудi және төлеудi жүргiзетiнi туралы;

2) тұрақты мекемелерi орналасқан жердегi салық органдарын - таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң барлық тұрақты мекемелерi бойынша бюджетке салық төлеудi жүргiзетiнi туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.

Бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледi.

Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң орналасқан жерi бойынша резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерiнiң бүкiл тобы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиiс.

2. Осы Кодекстiң 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетiлген табыстарды төлеудi жүзеге асыратын салық агентi бiр мезгiлде:

1) резидент емес заңды тұлғаның филиалымен, өкiлдiгiмен, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғамен жасалған келісімшарт болмаған;

2) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша филиал, өкiлдiк ашпай резидент емес заңды тұлғаның филиалы, өкiлдiгi, тұрақты мекемесi жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетiлген табыстардан табыс салығын есептеудi, ұстауды және аударуды осы Кодекстiң 194-бабының 1) тармақшасында белгiленген ставка бойынша шегерiмдердi жүзеге асырмай жүргiзедi.

Салық агентi резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұстаған табыс салығы аталған резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң салық мiндеттемелерiн өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтiк табыс салығын осы Кодекстiң 198 және 199-баптарына сәйкес ретроспективтi тәртiппен есептейдi және тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша салық органына көрсетiлген табыстарды қоса отырып, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс етедi.

Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентiнiң салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргiзiледi.

Осы тармаққа сәйкес резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесi он салық кезеңiне ауыстырылады және осы салық кезеңдерiнiң бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын бiртiндеп азайтады.

 

25-тарау. РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

 

201-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарына осы Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша төлем көзінен табыс салығы салық шегерімдері жүзеге асырылмай салынады.