237-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күні
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жасау күні тауарларды тиеп-жөнелту (беру), жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.
Жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күні орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойылған күн болып танылады.
2. Егер тауарды тиеп-жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, өткізу бойынша айналым жасау күні алушыға тауар меншігінің құқығы берілген күн болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда өткізу бойынша айналым жасау күні:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күн;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мына жағдайларда:
кезең-кезеңдік кедендік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
уақытша кедендік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедеңдік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүктің кедендік декларациясы декларацияланған күн болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
3-1. Бұрын экспорт режимiнде әкетiлген тауарларды керi импорт режимiнде әкелген жағдайда:
1) кезең-кезеңдiк немесе уақытша декларациялау рәсiмiн қолданбастан, тауарды экспорт режимiнде әкеткен кезде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктiнде iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесiп өткен күн;
2) кезең-кезеңдiк немесе уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкеткен кезде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар толық жүктiң кедендiк декларациясы ресiмделген күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл беруші үшін мына күндердің бірі:
1) кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл тұрғысынан кепілге салынған мүлікті өндіріп алу айналысы процесінде жүргізілген сауда-саттықтың жеңімпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпеді деп жарияланса, кепіл тұрғысынан кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл ұстаушыға ауысқан күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын айналым бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн:
1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37- 43-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;
2) салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 571-бабының 6-тармағында көрсетілген күн болып табылады.
6. Лизинг берушінің лизинг алушы негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруін қоспағанда, қаржы лизингіне берген кезде өткізу бойынша айналым жасалған күні:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген кезең-кезеңдік лизингтік төлемді лизинг берушінің алу мерзімінің басталу күні;
2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизинг берушінің лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады;
3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген кезде, түпкілікті есеп айырысу күні қаржы лизингінің осы шарты бойынша өткізу бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.
7. Лизинг алушының (сатушының) негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша лизинг беруші берген кезде өткізу бойынша айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады.
8. Егер жұмыстар, қызмет көрсетулер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні:
1) қосылған құн салығы көрсетіліп, шот-фактура жазылған күннің;
2) әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнінің қайсысы бірінші басталса, сол күн болып табылады.
Тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізу, олардың нәтижелерін жұмысты, қызмет көрсетулерді алушының өз өндірістік қызметінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнінде пайдалана алу шартымен, ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді білдіреді.
9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулер сатып алған жағдайда, сатып алу бойынша айналым жасау күні орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күн болып танылады.
30-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
238-бап. Салық салынатын айналым мөлшері
1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тауарлар өтеусіз берілген кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшері, оларға қосылған құн салығы енгізілмей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізінде айқындалады, бірақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.
Осы тармақтың мақсаты үшін тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.
3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері сыйақы негізінде айқындалады.
4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері өткізілетін кепілдіктегі мүлік (тауар) құны негізінде, бірақ осы мүлікті (тауарды) кепілге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгізілмей, айқындалады.
5. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізген кезде салық салынатын айналым мөлшері, шарт талаптарында көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
6. Ушінші тұлғалар үшін төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы қосылады.
7. Салық салынатын айналым мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомалары енгізіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Тауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес олар бойынша сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын берген кезде өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен жер учаскелерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады.
10. Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы, осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне айқындалады.
11. Лизинг алушының (сатушының) негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.
13. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде салық салынатын айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде берілген мүліктің:
1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;
2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құнының негізінде айқындалады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Сенім білдірілген адам сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген адамның салық салынатын айналымының мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.
15. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде комиссионердің салық салынатын айналым мөлшері оның комиссиялық сыйақысы негізінде айқындалады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
16. Мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, оған қоса олардың жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiн өткiзген кезде салық салынатын айналымның мөлшерi есептi салық кезеңiнде мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өткiзiлген бөлiгiне келетiн құны негiзiнде айқындалады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
17. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар бұзылған жағдайда мүлiктi қаржы лизингiне беру кезіндегі салықтан босатылған айналым мөлшерi осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген айналым жасалған күннен бастап салық салынатын болып танылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 18-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
18. Бұрын экспорт режимiнде тауарды әкетудi жүзеге асырған салық төлеушiнiң осы тауарды керi импорт режимiнде әкелген кезде салық салынатын айналымының мөлшерi қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетiлген осы тауар құнының негiзiнде экспортты ресiмдеген кезде қолданылған өлшем бiрлiгiнде әкелiнген тауар көлемiне барабар айқындалады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 19-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19. Шетелдiк валютамен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен қайта есептеледi.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 20-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің салық салынатын айналым мөлшерін айқындау (оның ішінде оны түзету) жөніндегі ережелері салық салынбайтын айналым мөлшерін айқындау кезінде де қолданылады.
239-бап. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету
1. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
2. Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) бұрын экспорт режимiнде әкетiлген тауарды керi импорт режимiнде әкелудi қоспағанда, тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін бағалар, өтемақылар өзгерген;
4) бағаны түсірген, сату бағасын түсірген;
5) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;
6) осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерін түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, түзету жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар болған;
2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні бар қосымша шот-фактура болған кезде жүргізіледі.
Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауға тиіс.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын түзету сомасы өткізу айналымы жасалған күнге қолданыстағы ставка бойынша айқындалады.
240-бап. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету
1. Егер өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін талаптың бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:
1) күмәнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін үш жыл өткен соң;
2) банкрот деп танылған дебиторды Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде қосылған құн салығының сомасын осындай талаптар бойынша азайтуға құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы Кодекстің 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргізіледі.
2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейін көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.
3. Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төлемақыны қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 1-тармағына сәйкес өзіне берілген құқығын пайдаланғаннан кейін алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері аталған төлемақы алынған сол салық кезеңінде көрсетілген төлемақының құнына арттырылуға жатады.
241-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезінде салық салынатын айналым
1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің айналымы болып табылады және осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.
2. Осы баптың мақсаты үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, қосылған құн салығынан басқа салықтарды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған сатып алынған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленетін төлем шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледі.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 270-бабында белгіленген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілетін мерзімнен кешіктірілмей төленеді.
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжаты немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстің 256-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық береді.
1) берілген жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстің 248-бабында аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер болып табылса;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы баптың 1-тармағында аталған жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қатысты сыртқы сауда мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың импорты ретінде кедендік декларациялау жүргізілсе;
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) жұмыстар мен қызметтер:
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына көрсетiлген жұмыстар, қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
31-тарау. НӨЛДІК СТАВКА БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 242-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
242-бап. Тауарлар экспорты
Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын кеден одағының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
243-бап. Тауарлар экспортын растау
1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар жүктің кедендік декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мынадай жағдайларда:
магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
кезең-кезеңдік кедендік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
уақытша кедендік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар жүктің толық кедендік декларациясы;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
Тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;
5) зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетілген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнімдерін одан әрі экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қайта өңдеу рәсімі кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсіміне өзгертілетін жүктің кедендік декларациясы;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсімінде ресімделген жүктің кедендік декларациясы;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезінде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімінде ресімделген, осындай ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған жүктің кедендік декларациясының көшірмесі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жүктің кедендік декларациясының көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеудің кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
244-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу
1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде ресімделген жүктің кедендік декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.