«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 51 бұйрығы (2012.24.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 51 бұйрығы

(2012.24.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 134 бұйрығымен күші жойылды

 

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бірыңғай есепті одан әрі жетілдіру мақсатында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру және оны жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5854 санымен тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53-бұйрығына:

осы бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру туралы Нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):

2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған есепке алу Комитетімен электрондық деректер банкін (бұдан әрі - орталықтандырылған деректер банкі немесе ОДБ) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.»;

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.