«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамын және «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 Қаулысы
(2023.27.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы оған «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 66-жол алынып тасталсын;