«Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың тексеру парағы нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/57 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 135 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың тексеру парағы нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/57 және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 135 Бірлескен бұйрығы

 

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 7 ақпандағы № 35 және ҚР Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 01-04-03/50нқ бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13, 15-баптарына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 27) тармақшасына сәйкес бұйырамыз:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың тексеру жөніндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

5. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт министрі

 

Т. Ермегияев

 

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және

сауда министрінің міндетін атқарушы

 

 

М. Құсайынов

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.