«Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 Қаулысы (2013.26.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 Қаулысы

(2013.26.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығын қараңыз

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 93-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасы бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының аумақтарында азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларға қызметтiк тексеру жүргiзудің тәртіптері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 маусымдағы № 755 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғаларға қызметтік тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 57 қбп қаулысы.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 18 шілдедегі

№ 828 қаулысымен бекітілген

 

 

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру

қағидасы

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

 

1. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.