2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 шешімі
(2011.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011.28.01. № 30/367 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.04. № 31/371 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемде:
1) кірістер - 68 337 378 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 36 077 830 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 186 563 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 522 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 32 071 463 мың теңге;
2) шығындар - 68 125 121 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 525 186 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3 772 329 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 247 143 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 812 794 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 814 059 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 265 мың теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 125 723 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 125 723 мың теңге.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011.28.01. № 30/367 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.04. № 31/371 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді