«Атырау облысының әкімшілік бірлік аумағындағы карантинді режимді қосу арқылы карантинді аймақты белгілеу туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 190 Қаулысы (күші жойылды)

Атырау облысының әкімшілік бірлік аумағындағы карантинді режимді қосу арқылы карантинді аймақты белгілеу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 190 Қаулысы

 

Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы  ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 06-13/317 ұсынысына сәйкес, облыс аумағын, өсімдік және өсімдік текті өнімдерін карантиндік объектілердің таралуынан қорғауды қамтамасыз ету және карантиндік объектілердің ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және жою мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Атырау облысының әкімшілік бірлік аумағындағы карантинді режимді қосу арқылы карантинді аймақты белгілеу туралы шөпті жерлерге укекіреге (қызғылт) және арамшырмауыққа карантин белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.