Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласының мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 465/65-IV Шешімі
(2015.23.09. берілген өзгерістермен)
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы мәслихатының 2015.23.09. № 413/57-V шешімімен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ «Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 28 сәуірде № 324 болып тіркелген, 2004 жылғы 8 мамырдағы № 56-57, 2004 жылғы 15 мамырдағы № 59-60 «Вечерняя Астана», 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63, 2004 жылғы 17 шілдедегі № 95-96 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау қағидаларында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Астана қаласының жасыл белдеуі - арнайы маңызы бар, қаланың аумағын қоршаған және қорғау, санитарлық-гигиеналық, мәдени-сауықтыру, оңалту және туристік қызметтерді орындайтын көгалдандырылған аумақ»;
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) санитарлық-қорғау белдеуі - қала тектес мекендер бөлігін өлшемі мен ұйымдастыру өнеркәсіптің қоршаған ортаға, сондай-ақ Астана қаласының жасыл белдеуіндегі жасыл желектерге зиянды ықпалының сипаты мен деңгейіне байланысты болатын өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөліп тұратын арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумағы»;