Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы
(2009.16.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.