«Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 333 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 19 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650) ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) тіркеу карточкасының нысанын осы Бұйрықтың қосымшасына сәйкес мазмұндалсын;