Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жауапты хатшысының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 262 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу ережесінің 7-1 және 11-тармақтарын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар);
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 жылға арналған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу кестесі (бұдан әрі - Кесте) бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
3. Құрылымдық бөлімшелер Жоспарда және Кестеде көзделген іс-шаралардың сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Құқықтық қамтамасыз ету депараментінің директоры Ж.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы | Э. Квятковский |
Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі жауапты хатшысының
2011 жылғы 20 шілдедегі № 262 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шара | Мониторинг жүргізу мерзімі | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар |