«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 396 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет тұралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 871 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«015 Жеке куәлік құжаттарын дайындау»;