Ақтау портын солтүстік бағытта одан әрі кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы № 152 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтау портын солтүстік бағытта одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына су қоры жерінен 49 (қырық тоғыз) жылға жалпы алаңы 35 гектар жер учаскесін уақытша өтемді жер пайдалануға мынадай шарттарда беруді қамтамасыз етсін:
1) жер учаскесін кепілге беру және жалға алушының жер учаскесін нақты иеліктен шығаруға әкеп соқтыратын кез келген шаралар мен шешімдерді қабылдау құқығынсыз;