Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу ережесi;
2) Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргізу ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қарашадағы № 1198 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 46, 560-құжат);
2) «Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудiң құрылымы, мазмұны және тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 қазандағы № 1030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 42, 496-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының