Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысы
(2014.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 141-бабының 23-1) тармақшасына, 145-бабының 4-2-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ереже осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сай;
2) Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сай бекітілсін.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы Е.Қ.Сыздықов бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.