Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы
«Алтай» трансшекаралық резерватын құру туралы
келісім
(Астрахань қаласы, 2011 жылғы 15 қыркүйекте)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1730 қаулысымен бекітілді
2012 жылғы 6 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
халықаралық құқықтың жалпы жұртшылыққа танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді орындауға зор маңыз бере отырып,
Алтайдың таулы бөлігінің биологиялық әртүрлілігі мен экологиялық жүйелерінің бірегейлігін, оның экологиялық, эстетикалық, ғылыми және мәдени маңызын назарға ала отырып,
қазіргі және келешек ұрпақ игілігі үшін Алтайдың таулы бөлігінің ландшафтары мен биологиялық әртүрлілігін сақтауға Тараптардың ортақ мүдделілік білдіретінін тани отырып,
ғылыми зерттеулер, биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты табиғат пайдалану саласындағы Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың көп жылғы дәстүрлерін, сондай-ақ мемлекеттік шекараға іргелес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың болуын атап өте отырып,
Алтайдың таулы бөлігінің биологиялық әртүрлілігі антропогендік әсердің теріс үдерісіне ұшырап отырғанына алаңдаушылық білдіре отырып,
табиғи кешендерді ортақ күш-жігер жұмсап қана сақтап қалуға болатынын және оларды сақтаудың мемлекеттік қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік маңызы бар екенін басшылыққа ала отырып,