«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 08-3/465 бұйрығымен бекітілген ) (күші жойылды)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/374 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2011 жылғы 9 тамыздағы

№ 08-3/465 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде
қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі - аумақтық инспекция) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрі - инспектор) ұсынады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасының, 4-тармағының 2) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасының;

2) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысы (бұдан әрі - Стандарт);

3) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6029 болып тіркелген) негізінде көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.