«Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 1097 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекітілсін:
1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерінен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде: