«Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1088 Қаулысы (күші жойылды)

«Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1088 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларында:

15, 16, 17, 18, 19 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алу үшін балық шаруашылығы субъектілері алдыңғы жылдың 31 желтоқсанына дейін Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне не жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

16. Өтінімде:

1) балық шаруашылығы субъектісінің атауы;

2) Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың жасалған күні мен нөмірін көрсете отырып, бекітілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы;

3) ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі (теңге);

4) аулау және көлік флотының болуы (бірлікпен);

5) аулау құралдарының, оның ішінде жылымның, тордың, қабадандардың, шаян аулағыштардың, омыртқасыздарды жинау құралдарының және Балық аулау қағидасына сәйкес келетін басқа да аулау құралдарының болуы;

6) бұдан бұрын бөлінген квотаның ағымдағы жылы нақты игерілуі (тоннамен);

7) балықшылардың саны (адам) көрсетіледі.

17. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар өтінімге қоса беріледі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.