«2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы № 37/1 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 2/12 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 106-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың IV шақырымы отызыншы сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне (2011 жылғы 18 қантардағы № 1769 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Солтүстік Қазақстан», 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 76 789 592,1 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 9 169 977 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 612 485 мың теңге;
трансферттер түсімі - 67 007 130,1 мың теңге;»;
2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«2) шығындар - 77 129 964,6 мың теңге;»;
4) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 754 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 754 000 мың теңге;»;
7-тармақ 19) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«19) 17 818 мың теңге - көші қон полициясы қосымша штаттық санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыруға;»;
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).
2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.