2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешімі
(2011.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.15.03. № 32/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2011.22.04. № 34/1 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.07. № 36/1 Шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 1, 2 және сәйкесінше 3-қосымшаларға сәйкес 2011-2013 жылдарға, соның ішінде 2011 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 76 779 090,1мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 9 169 977 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 612 485 мың теңге;
трансферттер түсімі - 66 996 628,1 мың теңге;
2) шығындар - 77 119 462,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 189 607,6 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2 695 926 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 506 318,4 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 754 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 754 000 мың теңге;
5) дефицит - - 3 283 980,1 мың теңге;
6) дефицитті қаржыландыру - 3 283 980,1 мың теңге.
2. 2011 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгілесін:
біржолғы талондар бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардан жеке табыс салығының түсуін қоспағанда жеке табыс салығы;
табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем.