«Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 14-1/504 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 19-1/940 бұйрығымен күші жойылды
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру рәсімдерінің тәртібін оңайлату, сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6870 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 178-181 (26583) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтер бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Қ.А. Мейрембеков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.