(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007.21.07 № 306-III ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы

(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң ойыншықтар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану, орындау және бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) қатерді бағалау - қауіп дәрежесін айқындауды қамтитын, ойыншықтардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға ықтимал әсерін анықтауға бағытталған шаралар кешені;

2) ойыншықтар - балалардың тек қана ойын мақсатында пайдалануына арналған бұйымдар;

3) ойыншықтарды Қазақстан Республикасының нарығында орналастыратын тұлға - ойыншықтарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін немесе тегін тарататын жеке немесе заңды тұлға;

4) ойыншықты дұрыс пайдаланбау - ойыншықты дайындаушы көздемеген жағдайларда немесе мақсаттарда пайдалану;

5)  ойыншықтың материалы - ойыншықтарды дайындау кезінде пайдаланылатын, олардың қолдану үшін қолжетімді құрамдас бөліктері;

6) пайдаланушы - ойыншықты тікелей пайдаланатын адам;

7)  ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық сараптамасы - ойыншықтарды балалардың имандылық-эмоционалдық салауаттылығын сақтау нысанасына зерттеу жүргізу және талдау жасау;

8) тұтынушы - ойыншықтарды сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

9)  уәкілетті орган - белгіленген өкілеттіктер шегінде ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.