Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар құрудың, олардың жұмыс істеуінің және таратылуының тәртібі мен шарттарын айқындайды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулі аумағы;
2) арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі - арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс істейтін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;
3) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және қызмет жүргізу туралы келісім жасасқан заңды тұлға;
4) инфрақұрылымдық ресурстар - арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтауға, кәріздер жүргізуге, көлік коммуникацияларына, байланыс қызметін көрсетуге және қызмет көрсетудің өзге де түрлеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ғимараттар кешені;
5) қызметтің басым түрлері - арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;
6) қызметті жүргізу туралы келісім - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мен арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арасында жасалатын, тараптардың арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру мәселелері жөніндегі құқықтары мен міндеттерін белгілейтін шарт;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.