Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 326 Бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж.Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне (А.Ж. Серіков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.